1 / 4
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Кетпен ауылдық округінің әкімі Марат Үмбетжанов учаскелік полиция инспекторымен және жауапты бас маман Елшат Юлдашевпен бірге 2026 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың үйлерін аралады.
Аралау барысында жастармен және олардың ата-аналарымен кездесіп, мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі, азаматтардың әскери міндеттері мен Отан алдындағы борышын өтеудің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай жұмыстар жастардың жауапкершілігін арттыруға және шақыру науқанының талаптарын түсіндіруге бағытталған.
#КетпенАуылдықОкругі #ӘскериҚызмет #ОтанҚорғау #ЗаңМенТәртіп
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







