Ақтөбеде «Шипалы Аяла» сауықтыру кешенінің мүмкіндігі кеңейді

    1 / 5

    Жоба «Шипалы-Аяла» ЖШС тарапынан кәсіпорын басшысы Болғанай Жамансаринаның жетекшілігімен жүзеге асырылды. Жобаның жалпы құны 279 млн теңгені құрайды. «Өрлеу» бағдарламасы аясында кәсіпорынға кредиттік қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

    Кешенді кеңейту нәтижесінде оның бір мезгілде қабылдау қуаты 50-ден 100 адамға дейін артты. Нысан 2026 жылы пайдалануға берілді. Сонымен қатар жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

    Бүгінде санаторийде емдік-сауықтыру және физиотерапиялық қызметтердің кең спектрі ұсынылады. Атап айтқанда, балшықпен және парафинмен емдеу, электрофорез, магнитотерапия, массаждың түрлі түрлері, инемен емдеу, сондай-ақ тұзды және скипидарлы ванналар, айналмалы душ, кедр бөшкесі мен тұз шахтасы қызметтері бар.

    Кешеннің кеңеюі өңір тұрғындары мен қонақтары үшін сауықтыру қызметтерінің қолжетімділігін арттырып, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

    Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру Ақтөбе облысының экономикасын дамытудағы маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" жаңалықтары