Құрылысқа қажетті өнім Ақтөбеде өндіріледі

    1 / 5

    Ақтөбе қаласындағы «IMUR Group» ЖШС құрылыс саласына қажетті бетон бұйымдарын өндірумен айналысады.

    Кәсіпорынның жұмысымен Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков танысты. Сапар барысында ол өндірістік қуаттарды аралап, шығарылатын өнім түрлерімен танысты және кәсіпорынның алдағы даму жоспарлары жөнінде пікір алмасты.

    Кәсіпорын тротуар плиталарын, брусчаткаларды, жол жиектастарын, шлакоблоктар мен түрлі бетон конструкцияларын шығарады. Өндіріс орны екі ауысымдық жұмыс режимінде тәулігіне 17 мың данаға дейін өнім өндіруге қауқарлы.

    Қазіргі таңда кәсіпорында 11 адам еңбек етеді. Өндіріс қарқынын сақтау және техникалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында кәсіпорын өндірістік жабдықтарын жаңғыртуда.

    Осы бағытта кәсіпкерге «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында несие бойынша субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

    Мұндай жобалар жергілікті өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, құрылыс индустриясына қажетті өнімдерді өңірде өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

    Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнестің өндірістік әлеуетін арттыруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдауға және олардың дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" жаңалықтары