Облыс әкімі Берік Уәлиұлының тапсырмасына сәйкес, Абай облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы «Рэйн» ЖШС өкілдерімен, сондай-ақ өтініш иесі Ж. Транованың адвокаты мен заңгерлерінің қатысуымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында зейнеткер мұғалім Ж. Транованың тұрғын үй мәселесі жан-жақты қарастырылып, оны шешу жолдары талқыланды.
Мәселені бірлесіп зерделеу нәтижесінде Ж. Транованың 2025 жылы «Рэйн» ЖШС ұсынған пәтерден бас тартқаны және сот үкімімен бекітілген тізімге енбегені нақтыланды.
Соған қарамастан, «Рэйн» ЖШС құрылтайшысы азаматшаның бұған дейін үлескерлер қатарында болғанын ескере отырып, оның алдыңғы «Дала СК» компаниясына салған қаражатын есепке алуға келісті.
Нәтижесінде зейнеткер мұғалімге екі бөлмелі пәтер беру жөнінде келісім жасалды. Сонымен қатар, Ж. Транованың өтініші ескеріліп, пәтер құнын төрт жыл ішінде бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылды.
Осылайша, азаматтың өтінішін назардан тыс қалдырмай, мәселені өзара келісім арқылы шешудің нақты жолы ұсынылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








