«KEDEN» цифрлық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік құнды айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер (бұдан әрі – шешімдер) қабылдау жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.
2026 жылғы 30 қарашадан бастап шешімдер қабылдауға өтініштер беру және оларды өңдеу «KEDEN» ЦЖ-да жүзеге асырылатын болады.
Ағымдағы жылғы 27 қарашада сағат 18:00-де «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» цифрлық жүйесінде шешімдер қабылдауға өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.
Өтінішті толтыру тәртібі және жүйеде тіркелу жөніндегі нұсқаулықтар https://keden.kgd.gov.kz порталының басты бетіндегі «Көмек» бөлімінде орналастырылған.
Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі болуы үшін тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін техникалық қолдау қызметі жұмыс істейтінін еске саламыз:
🎧«KEDEN» ЦЖ Web-көмекшісі (виджет) — басты беттің оң жағында;
📧электрондық пошта: [email protected] (2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап [email protected]);
🤖 FinQoldau чат-боты: https://t.me/FinQoldau_bot.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









