ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Виртуалды қойма» модулін пайдалана отырып, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды «ТІЖ» ресімдеу және электрондық шот-фактураларды «ЭШФ» жазып беру жөніндегі талаптарды қолдану мерзімдері туралы хабарлайды.
2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №661 бұйрығымен бекітілген тізбенің 8 және 9-тармақтарында көзделген тауарларға қатысты ТІЖ ресімдеу және ЭШФ жазу жөніндегі талаптар күшіне енеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №658 бұйрығының 3-тармағына сәйкес тауарлар бағасының ең төменгі деңгейін (ЕТБД) Мемлекеттік кірістер органдары тоқсан сайын, 15-ші күннен кешіктірмей есептейді және жариялайды.
Осыған байланысты 2026 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Виртуалды қойма» модулін жүргізу және ТІЖ ресімдеу бойынша талаптар қолданыстағы ЕТБД тізбесіне енгізілген - 15 тауар тобына (СЭҚ ТН 89 коды), сондай-ақ ауыл шаруашылығы өніміне - бидай бойынша (СЭҚ ТН 4 коды) қолданылады.
ЕТБД тауарларының тізбесіне қосымша енгізілген – 38 тауар тобына (СЭҚ ТН 941 коды) қатысты тиісті талаптар 2027 жылғы I тоқсаннан бастап ЕТБД-ның жаңартылған тізбесін қолдану басталуын ескере отырып, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









