Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі дөңгелек үстел өткізу туралы

    1 / 2

    2026 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бас прокуратуралары «Экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

    Дөңгелек үстел жұмысына екі елдің бас прокуратураларының жауапты қызметкерлері қатысты.

    Оған Қазақстанның сегіз шекаралас өңірінің және Ресей прокуратура органдарының он жеті субъектісінің басшылық құрамы да қатысты.

    Баяндамаларды тыңдау, оларды талқылау және тәжірибе алмасу қорытындысы бойынша барлық қатысушылар экстремизм мен терроризмнің кез келген көріністерінің алдын алу және жолын кесу жөніндегі екі елдің прокуратураларының өзара іс-қимылын тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

    Алдағы уақытта осындай іс-шараларды, оның ішінде аталған саладағы оң жұмыс тәжірибесін тереңірек зерделей отырып өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

    Осылайша, екі елдің қадағалау органдары арасында өткен дөңгелек үстел мемлекетаралық өзара іс-қимылдың қосымша алаңына айналды.

    Бас прокуратураның баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы" жаңалықтары