АҚШ Елшілігі делегациясының Қазақстан Республикасына сапарының қорытындылары туралы

    2026 жылғы 9 қарашада Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі к омитетіне Қазақстан Республикасындағы есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау (inl) бағдарламаларының директоры Джон Кроуфорд бастаған АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің делегациясы жұмыс сапарымен келді.

    Кездесу жұмысына Бас прокуратураның Стратегиялық даму департаментінің бастығы А.А. Нұрбеков қатысты.

    Кездесудің мақсаты екіжақты ынтымақтастықты нығайту және қылмыстық қауіп- қатерлерді болжау, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл салаларында озық халықаралық тәжірибе мен алмасу болды.

    Комитет Т өрағасы Сәбит Нұрлыбай сөз сөйлеп, қонақтарды Бас прокуратура ведомствосының қызметі туралы хабардар етті.

    Атап айтқанда, Комитет жинақталған құқықтық ақпарат негізінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, оның ішінде азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауға ықпал ететін қылмыстық және әкімшілік процестердің барлық кезеңдері цифрландырылған бірегей ақпараттық-талдау жүйелерін енгізді және дамытуда.

    Мемлекет басшысының «Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің базасында қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау жөніндегі «Талдау орталығын» құру туралы» тапсырмаларын орындау үшін болжамды-талдамалық қызметті жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

    Аталған тапсырмаларды іс жүзінде іске асыру үшін Комитет құрылымында Қылмыстыққауіп-қатерлерді болжау орталығы және елдегі прекурсорлардың заңды айналымын бақылау жөніндегі Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг-орталық құрылды. Олар прокурорлар-талдаушылар, IT-мамандар және жобалық басқару жөніндегі сарапшылармен күшейтілді.

    Кездесу барысында Комитет төрағасының бірінші орынбасары С.Қ. Мырзалы, сондай-ақ Комитет төрағасының орынбасары Е.Қ. Ахметов Комитеттің жаңа бөлімшелерінің негізгі бағыттарымен таныстырды.Жаңа өкілеттіктер шеңберінде ұлттық және халықаралық медиа кеңістікті, «e-Otinish» жүйесіндегі азаматтардың жолданымдарын талдау арқылы ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерді анықтау бойынша жасанды интеллект жүйелері мен модельдері сәтті енгізіліп, пайдаланылуда, интернет-алаяқтық пен синтетикалық және басқа да есірткілердің заңсыз айналымы саласындағы үрдістер анықталуда.

    Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша пилоттық режимде ерте болжау жүйесі іске қосылды, Комитет талдаушылары анықтаған барлық қылмыстық қауіп-қатерлер мен сигналдар қауіптердің цифрлық картасына жедел жинақталады, себептер мен жағдайларды жою үшін уәкілетті органдарға жіберіледі.

    Олардың барлығы тәуекелдерді ерте анықтау және құқық бұзушылықтарды болжау саласында жоғары әлеуетті көрсетуде.

    Қылмыстарды болжау саласында тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қазақстандық тарап АҚШ-тағы қылмысты болжау тәжірибесіне, оның ішінде геоақпараттық жүйелерді пайдалану тәжірибесіне қызығушылық танытты.

    Кездесу шеңберінде Қазақстан Республикасында есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау (INL) бағдарламасымен өзара қарым-қатынасты әрі қарай дамыту, трансұлттық қауіп-қатерлерге, оның ішінде киберқылмысқа, адам саудасына, есірткі қылмысына және басқаларға қарсы іс-қимыл саласында тәжірибе және ақпарат алмасу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Шетелдік қылмыстық байланыс колл-орталықтары жүзеге асыратын телефон және интернет алаяқтыққа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.

    Өз сапарын қорытындылай келе, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің делегациясы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, елдеріміздің қауіпсіздігін арттыру үшін оң тәжірибемен алмасу бойынша осындай деңгейдегі кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

    Бас прокуратураның баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы" жаңалықтары