Британдық сәулетшілер Алматыда жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты

    Алматының бірегей табиғи ландшафты, жасыл желекке бай болуы және көшелерінің тиімді ұйымдастырылуы қаланы одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Мұндай пікірді Алматыда екінші күн өтіп жатқан SHARE Kazakhstan халықаралық сәулет форумында SimpsonHaugh британдық сәулет компаниясының серіктесі Кристиан Мэйл білдірді.

    Сарапшы мегаполистің көлік және жүргіншілер инфрақұрылымына, жасыл желекті сақтауға және жеңіл рельсті көлік жүйесін дамыту жобасына жоғары баға берді.

    Британдық сәулет бюросының өкілі Алматыда түрлі жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа ғимараттар заманауи сәулет шешімдерін қаланың тарихи мұрасы мен өзіндік келбетін құрметтеумен ұштастыруы керек.

    Ал Plan A Consultants Ltd британдық компаниясының директоры Нед Барранның пікірінше, Еуропада қаланың тауға жақын орналасуы туристерді тартудағы басты артықшылықтардың бірі саналар еді.

    «Алматы өзінің артықшылығын халықаралық деңгейде кеңінен танытып, тікелей әуе қатынасын дамытуға көбірек көңіл бөлуі керек. Zaha Hadid Architects сияқты сәулет бюроларымен ынтымақтастық орнату әлемнің түкпір-түкпірінен үздік сәулетшілерді тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Алматыда халықаралық сәулет қауымдастығының қызығушылығын оятуға қажетті барлық мүмкіндік бар», – деді ол.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары