2027 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында Бұрма ауылдық округінде жоспарланған инженерлік-техникалық және профилактикалық жұмыстар кешені аяқталды.
Атқарылған жұмыстар:
-Еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін елді мекен ішіндегі арықтарды, арналар мен су өткізу құрылыстарын санитарлық және механикалық тазалау толық жүргізілді.
- Ықтимал су бұзып өту орындарын жедел жою және қорғаныс бөгеттерін нығайту үшін құм қоспасының (инертті материалдардың) қажетті көлемі дайындалды.
Бұрма ауылдық округі әкімінің аппараты инженерлік инфрақұрылымға тұрақты мониторинг жүргізеді және тұрғындардың қауіпсіздігі мәселесін қатаң бақылануда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








