«Заң мен тәртіп – қауіпсіз отбасы мен қоғамның негізі»

    1 / 15

    Бүгін «Отбасын қолдау орталығының» ұйымдастыруымен Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге орай «Заң мен тәртіп – қауіпсіз отбасы мен қоғамның негізі» тақырыбында форум өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы әр азаматтың жауапкершілігін түсіндіру.

    Форум барысында сөз сөйлегендер:

    • Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары З. Мажитова;

    • Ақжайық ауданының прокуроры А. Меңлібаев;

    • Аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Ж. Срымова;

    • Аудандық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Г. Шамурова;

    • Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының координатор-әдіскері Н. Кубашева;

    • Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ. Бисеғалиев;

    • Отбасын қолдау орталығының директоры Ш. Досалиева өз бағыттары бойынша маңызды мәселелерді қозғады.

    Спикерлер өз сөздерінде заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілік, жастар тәрбиесі және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды.

    Форумға колледж студенттерімен қатар ата-аналар да қатысып, талқыланған тақырыптар бойынша маңызды ақпарат алды. Іс-шара барысында отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі, заңға құрмет және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.

    Заңға құрмет – тәртіптің бастауы, отбасына құрмет – қоғамның тұғыры. Қауіпсіз отбасы мен әділетті қоғам қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары