Гаджет – мүмкіндік пе, әлде қауіп пе: елордалық балабақшада арнайы семинар өтті

    1 / 17

    Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен №52 «Еркетай» балабақшасында «Кіші жастан бастап киберқауіпсіздік: гаджеттер мен балалар» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Семинарда «Цифрландыру дәуіріндегі мектеп жасына дейінгі балалар: киберқауіпсіздік және экрансыз білім беру» тақырыбында баяндама жасалып, балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

    Сондай-ақ қатысушыларға «Ақылды роботпен қызықты саяхат» атты ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетілді. Ал «Робот-тышқан» STEM ойыны арқылы бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамыту тәсілдері таныстырылды.

    «Бала және гаджет: мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?» тақырыбында дебат ұйымдастырылып, гаджеттердің пайдасы мен зияны талқыланды.
    Практикалық бөлімде «Экраннан спортқа: гаджетке тәуелділіктің алдын алуда қимылды ойындардың маңызы» тақырыбында жұмыс жүргізіліп, ата-аналарға арналған «Гаджет қолданудың 5 ережесі» бойынша арнайы тапсырмалар орындалды. Сондай-ақ «Бірге үйренеміз: баланың цифрлық қауіпсіздігі» тақырыбында практикалық шеберхана өткізіліп, ата-аналарға пайдалы кеңестер берілді.

    «Бүгінгі іс-шара – Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы тарапынан қолға алынып, қазіргі таңда барлық балабақшада жүйелі түрде өтіп жатқан кешенді жұмыстардың бір парасы. Цифрлық дәуірде баланы интернеттен толық оқшаулау мүмкін емес, сондықтан біз оларға ерте жастан бастап технологияны қауіпсіз әрі саналы түрде пайдалануды үйретуіміз керек. Бұл бағытта біз мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары мен ата-аналар қауымдастығына нақты әдістемелік көмек көрсетіп, қауіпсіз орта қалыптастыруды көздеп отырмыз», – дейді білім басқармасының өкілі Айнұр Амангелді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары