«Көңілден кетпес бір бейне»

    1 / 10

    23қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жастар сарайында белгілі журналист және әдебиетші Жанұзақ Аязбекұлының «Көңілден кетпес бір бейне» еске алу кешінжәне «Көңіл көзі» кітабының тұсаукесерін өткізді.

    Кездесушығармашылық зиялы қауым өкілдерінің, әріптестерінің, Жанұзақ Аязбекұлының туыстары мен жақындарының басын қосты. Сондай-ақ і с - шараға журналистің шығармашылық мұрасы мен кәсіби жұмысын таныстырған кітап көрмесі дайындалды.

    Қатысушылардың алдындаҚостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов құттықтау сөз сөйледі.

    Жазушылар Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет мен Серікбай Оспанұлы Оспанов, Қазақстан Республикасының құрметті журналистері Сергей Васильевич Харченко пен Гүлжібек Баекенқызы Бехмұхамбетова оның адами қасиеттері, кәсіби көзқарасы, шығармашылық даралығы мен журналистік мектебі туралы айтып берді.

    Облыстық «Қостанай таңы» газеті бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин Жанұзақ Аязбекұлының кәсіби жолы туралы естеліктерімен бөлісті.

    Автордың туғандары– әпкесі Бибіғайша Аязбекқызы Аязбекова мен қызы Әсел ЖанұзаққызыНасырованың сөздері ерекше әсерлі болды.

    «Көңілден кетпес бір бейне»іс- шарасы жай ғана еске алу кездесуі емес, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға, Жанұзақ Аязбекұлының әдеби шығармашылығын насихаттауға және жас ұрпақты оның бай өмірлік және кәсіби тәжірибесімен таныстыруға бағытталған маңызды оқиға болды .

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" жаңалықтары