АНДАТПА!
«ШҚО-ның салық волонтері – 2026: миссия басталады!»
2026 жылғы 25 қараша Басталуы: сағат 10:00
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында «Салық мәдениеті: жастар және мемлекет» жобасы аясында студент-волонтерлермен кездесу өтеді.
Іс-шараға ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, студент-волонтерлер, жоба үйлестірушілері, оқытушылар, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысады.
Қатысушылар волонтерлік қозғалысты дамыту, салық волонтерлерінің рөлі және салық мәдениетінің маңыздылығы туралы пікір алмасады.
Өтетін орны: Өскемен қаласы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, 5-корпус, Қазақстан көшесі, 55, 4-қабат, акт залы.
Баршаңызды кездесуге шақырамыз! Бірге салық мәдениетін дамытайық!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









