ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА «САЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ: ЖАСТАР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

    ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА «САЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ: ЖАСТАР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

    2026 жылғы 19 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жоба серіктестерімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледждің студенттерімен және волонтерлерімен кезекті кездесу өткізді.

    Кездесуде алғашқы болып жобаның үйлестірушісі, заң ғылымдарының докторы Қуат Хажұмқанұлы Рахимбердин сөз сөйледі. Ол жобаның мақсаттары мен міндеттері, волонтерлік қызметтің құқықтық негіздері мен әлеуметтік маңызы, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы салық волонтерлерінің рөлі туралы баяндады. Сонымен қатар студенттер арасында «Әлемді өзгерткен салықтар» атты интеллектуалдық командалық викторина өткізді. Викторина қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

    Одан кейін Департаменттің түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова волонтерлік қозғалысты дамыту, жастардың мемлекеттік кірістер органдарында кәсіби тұрғыдан жүзеге асу мүмкіндіктері, мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі бағыттары мен салық заңнамасындағы жаңашылдықтар туралы айтып берді.
    Сонымен қатар қатысушыларға Business Go цифрлық платформасының Amian сервисіндегі «Автокөліктер мен бағалы сыйлықтар ұтысы» республикалық акциясы таныстырылды. Акция салық мәдениетін арттыруға, фискалдық чектерді алуды ынталандыруға және көлеңкелі экономиканы қысқартуға бағытталған.

    Кездесу ашық диалог форматында, интерактивті тапсырмалар мен викториналарды қолдану арқылы өтті. Бұл студенттерге өз білімдерін тексеріп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.

    Жобаны іске асыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Жастардың салықтық сауаттылығын арттыруға, волонтерлікті дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған білім беру және ағартушылық іс-шаралар жоспарланған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары