Жастардың рухани тәрбиесі мен діни сауаттылығын арттыру – басты міндет

    1 / 3

    Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ынталы орта мектебінде өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, діни сауаттылығын арттыру және теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында Жетісу облысы Дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің Алакөл ауданы бойынша маман-теологы Сағиев Нұрзат Қуатұлы және психолог Нұрмұханбетова Сымбат Есмұханбетқызымен кездесу өткізілді.

    Кездесу барысында жастардың рухани тәрбиесі, діни сауаттылықтың маңызы, қоғамдағы діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісім мәселелері кеңінен қозғалды.

    Маман-теолог Нұрзат Қуатұлы оқушыларға дәстүрлі рухани құндылықтарды құрметтеу, діни ақпаратты дұрыс саралау, әлеуметтік желілердегі күмәнді діни мазмұннан сақтану және теріс діни ағымдардың ықпалына түспеудің маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Ал психолог Сымбат Есмұханбетқызы жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігі, жеке тұлғалық даму, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру, өзгенің ықпалына ермеу және саналы шешім қабылдау мәселелеріне тоқталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары