УАҚЫТША СУ БЕРУ ТОҚТАТЫЛАДЫ

    «Түркістан-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, Түркістан қаласындағы Отырар тұрғын үй кешені, №37 көпқабатты үй аумағында су құбыры желісінде орын алған апатқа байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
    Осыған орай, 23 қараша күні сағат 11:30-дан 18:00-ге дейін Отырар тұрғын алабындағы Отырар тұрғын үй кешенінің №37 көпқабатты үйінде ауызсу беру уақытша тоқтатылады.
    Кәсіпорын тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
    Апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң су беру қайта жандандырылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары