КЕЗЕКТІ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

    1 / 20

    Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.

    Дәстүрлі тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, түрлі мекеме мен ұйым өкілдері, коммуналдық сала қызметкерлері, кәсіпкерлер, белсенді жастар және қала тұрғындары қатысты.

    Бекітілген кестеге сәйкес қатысушылар жұмыс орындарының айналасын, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын, балалар ойын алаңшаларын, қоқыс жәшіктерінің маңын және ирригациялық арық жүйелерін тазартты.

    Сонымен қатар, көшет отырғызу, ағаш діңдерін әктеу және түскен жапырақтарды жинау жұмыстары жүргізілді.

    Бұдан бөлек, көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыстар тазартылып, қала аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары