Қазақстан СІМ-де қазақ-жапон саяси консультациялары өтті

    1 / 5

    Астана, 2026 жылғы 23 қараша– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев пен Жапония Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Томоаки Ишигаки екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы кезекті саяси консультацияларды өткізді.

    Тараптар қазақ-жапон ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде саяси диалог, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және консулдық салалардағы ынтымақтастықты талқылады.

    Көлік-логистика, сирек және сирек жер металдары, цифрландыру және жасанды интеллект, сондай-ақ декарбонизация салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.

    Тараптар сондай-ақ «Орталық Азия + Жапония» форматындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясындағы алдағы іс-шараларды талқылады.

    Бұдан бөлек, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде БҰҰ мен өзге де көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасу өтті.

    Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және тұрақты саяси диалогты қолдауға өзара мүдделі екенін растады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары