«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН ҰЛТ!»

    1 / 3

    Мектеп кітапханашыларына арналған аудандық семинар
    Мыржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің базасында мектеп кітапханашыларына арналған «Кітап оқитын ұлт: оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы оқу дәстүрлері мен инновациялық технологиялар» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
    Семинардың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және мектеп кітапханаларының жұмысын жетілдіру.
    Іс-шара барысында кітап оқуды насихаттау, оқырман мәдениетін дамыту, кітапхананың заманауи мүмкіндіктері мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды.
    Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
    Кітап – білім бұлағы! Кітап оқитын ұлт – болашағы жарқын ұлт!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары