19 қарашада Көкшетау қаласында Ақмола облысының аудандары мен облыс орталығынан келген жеті команданы біріктірген «Жас сарбаз» әскери-патриоттық слеті өтті.
Іс-шара Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Слеттің негізгі мақсаты – жастардың патриоттық тәрбиесін дамыту, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және тарихи жадыны сақтау.
Слеттің ашылу салтанаты Көкшетау жоғары техникалық колледжінде өтті. Қатысушыларға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев пен Ақмола облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ерболат Өтепов құттықтау сөз сөйледі.
Бағдарлама аясында қатысушылар № 5510 әскери бөлімге барып, әскери қызметтің ерекшеліктерімен және әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты.
Сонымен қатар ардагерлер мен Қарулы күштер өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылды. Жастар әскери борыш, патриоттық тәрбие және ұрпақтар сабақтастығы мәселелерін талқылап, шақырылған спикерлерге сұрақтарын қойды.
Слет соңында командалар арасындағы сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









