Өрт кезінде көрсеткен ерлігі үшін марапатталды

    1 / 3

    Мен, Бекбулатов Дархан Тлеукабылұлы СҚО бойынша ҚАЖ департаменті Аққайың ауданы пробация қызметі бөлімшесінің аға инспекторымын, әділет капитанымын.

    2025 жылғы 9 маусымда түнгі сағат 03:00 шамасында атыс дыбысына ұқсас дыбыстарды естіп, далаға шықтым. Көрші орамдағы үйдің үстінен түтін көтеріліп жатқанын көріп, бірден сол жаққа қарай жүгірдім. Тұрғын үйге жапсарлас салынған монша жанып жатқанын, жалыны үйге өте бастағанын көрдім. Мен дереу өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, нақты мекенжайды хабарладым. Өрт сөндірушілер келгенше үй тұрғындарын – екі ересек адам мен екі кішкентай баланы – оятып, оларды эвакуациялауды ұйымдастырдым. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынның көрші құрылыстарға таралып кетпеуі үшін қолда бар құралдармен отты тоқтатуға тырыстым.

    Осы ерлігім үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталдым.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті" жаңалықтары