САРЫАҒАШ: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

    1 / 5



    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округі Жаскешу елді мекенінде көшелерді жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен арнайы танысты. Аудан басшысы асфальт төсеу жұмыстарының сапасына баса назар аударып,жұмыс барысын бақылады. Мердігерге және тиісті бөлім басшысына жол құрылысының сапасы мен мерзімін қатаң сақтауды тапсырды.

    Қызылжар ауылдық округінің Жаскешу елді мекенінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Орта жөндеу жұмыстары Ынтымақ, Серікбай ата көшелері көшелерін қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы – 1,440 шақырым. Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралған. Мердігер мекеме: «Андас груп» ЖШС-і. Техникалық қадағалаушы: «Сара құрылыс» Тапсырыс беруші: Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

    Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуі елді мекен тұрғындары тарапынан оң бағаланып отыр. Құрылыс алаңында болған жергілікті тұрғындар мен ақсақалдар аудан әкіміне алғыстарын білдіріп, атқарылып жатқан жұмыстарға ақ баталарын берді.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары