Қазақстанның Хьюстондағы Бас консулдығы азаматтарды қабылдауды бастады

    1 / 3

    2026 жылғы 20 қарашада АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Бас консулдығы консулдық қызметтер көрсетуді ресми түрде бастап, алғашқы келушілерді қабылдады.

    Консулдық қызметтің толыққанды іске қосылуы Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа дипломатиялық өкілдігінің қалыптасуындағы маңызды кезең болып табылады және Техас штатында, сондай-ақ консулдық округке кіретін өзге де штаттарда тұратын азаматтар үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

    Енді азаматтар қажетті консулдық қызметтерді алу, құжаттарды рәсімдеу, құқықтық көмек пен қолдау мәселелері бойынша басқа қалаларға ұзақ жол жүру қажеттілігінсіз тікелей Хьюстон қаласында жүгіне алады.

    Бас консулдықтың ашылуы консулдық қызметтердің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық, инвестициялық, мәдени, білім беру және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беруге бағытталған.

    Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, отандастарымызға қолдау көрсету, екіжақты байланыстарды кеңейту және Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары