Павлодар облысы бойынша ҚАЖД қызметкері қоян-қолтық ұрыс жарысының жүлдегері атанды

    1 / 4

    Павлодар қаласында облыстың күштік құрылымдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті. Спорттық іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылып, Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткізілді.

    Турнирге өңірдің түрлі күштік ведомстволарының өкілдері қатысып, жоғары дене дайындығын, спорттық шеберлігін, төзімділігі мен қайсарлығын көрсетті. Жарыс алаңында тоғыз команда бас қосып, жалпы саны 74 қатысушы бақ сынады.

    Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің атынан 13 қызметкер қатысты. Олардың әрқайсысы жарыс барысында өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетуге, дене дайындығын сынауға және жүлделі орындар үшін күресуге мүмкіндік алды.

    Жарыс сегіз салмақ дәрежесі бойынша өтті. Турнир қорытындысы бойынша 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өкілі, № 44 мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты Наурызбай Төлеген үшінші орынға ие болды.

    Жүлделі орынға қол жеткізу қызметкердің табанды дайындығының, мақсаткерлігінің және спорттық мінезінің нәтижесі болды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары