№63 мекемесінде өткен ашық есік күніне 50-ден астам сотталғанның туыстары қатысты

    1 / 3

    №63 мекемеде ашық есік күні ұйымдастырылып, оған сотталғандардың 50-ден астам туысы қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жазасын өтеу кезеңінде сотталғандардың жақындарымен кездесуіне жағдай жасау және отбасылық байланысты сақтауға ықпал ету.

    Іс-шараның ерекше әсерлі сәттерінің бірі – сотталғандардың бірінің балаларымен кездесуі болды. Балалары басқа қалада тұратындықтан, олар жиі жүздесе алмайтын. Көптен күткен кездесу балаларға әкелерінің жылуы мен қолдауын сезінуге мүмкіндік берді.

    Іс-шара барысында келушілер жазасын өтеу жағдайларымен танысып, мекеменің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ақпарат алды және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

    Отбасылық байланысты сақтау сотталғандарды түзеу процесінде маңызды рөл атқарады. Жақындарының қолдауы олардың заңға бағынатын мінез-құлыққа деген ынтасын арттырып, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.

    Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар сотталғандардың туыстары мен мекеме әкімшілігі арасындағы сенім мен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары