Бүгін Ашық әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және қала тұрғындарына консультациялық көмек көрсету мақсатында Қызмет алушылар күні өткізілді.
Іс-шара аясында «Отбасы банк» АҚ және «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандары тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендіру, тұрғын үй кезегіне тұру, сондай-ақ тиісті мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша жеке консультациялар өткізді.
Іс-шараға қала бойынша 10-ға жуық тұрғын қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, бейінді мамандардан қажетті түсіндірмелер мен практикалық ұсынымдар алды.
Мұндай кездесулер тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты дамытуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді алуды барынша ыңғайлы әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Ашық әкімдік тұрғындармен өзара тиімді байланыс орнату және өзекті мәселелерді шешуге практикалық көмек көрсету алаңы болып қала береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









