Пробация қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес

    1 / 4

    Пробация қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес
    2026 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Ұлытау облысының Әділет департаментінде семинар-кеңес өткізілді.
    Іс-шараға Ұлытау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов, Жезқазған қаласының Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Пробация қызметкерлері және Ұлытау облысының Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.
    Семинар-кеңес барысында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне арналған қарым-қатынас стандарттары, Нельсон Мандела қағидалары, мүмкіндігі шектеулі сотталған адамдармен өзара іс-қимыл жасау этикасы және арнайы коммуникациялық дағдылар мәселелері талқыланды.
    Атап айтқанда, есту және көру қабілеті бұзылған адамдармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері, ымдау тілін пайдалану және Брайль әліпбиі бойынша ақпарат беру тәсілдері түсіндірілді.
    Сонымен қатар, сотталған адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, кемсітушілікке жол бермеу және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді коммуникацияны қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары