Ұлытау облысында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

    1 / 3
    Ұлытау облысында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

    17 қараша 2026 жылы Ұлытау облысы Әділет департаментінің «Жаңаарқа ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалымен Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары мен негізгі ережелерін насихаттау, «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында Жаңаарқа ауданының жеке нотариусы мен адвокаттың қатысуымен «Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлеріне «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
    Акция барысында азаматтарға мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін алуға кімдердің құқығы бар екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке қабылдау кезінде AdiletGov мобильдік қосымшасындағы «Тараптар кабинеті» сервисі туралы азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді және көмек көрсетілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары