21 қарашада Астана қаласында Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізілетін «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» республикалық онкүндігінің басталуына қатысады.
Іс-шара аясында елорданың тұрғын үй секторында ТЖМ қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдар, полиция өкілдері мен еріктілердің қатысуымен профилактикалық рейд өткізіледі.
Аула аралау барысында қарт адамдардың, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Мамандар жылыту құралдары мен электр сымдарының жай-күйін тексеріп, өрттің және улы газдан уланудың алдын алу ережелерін түсіндіреді, сондай-ақ өрт хабарлағыштарын орнатудың маңыздылығы туралы ақпарат береді.
Сонымен қатар іс-шара барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру-құтқару техникасының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге арналған арнайы жол белгілері мен таңбалар көрсетіледі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері профилактикалық жұмыстардың барысымен танысып, тұрғындармен сұхбаттасып, ТЖМ басшылығының пікірін ала алады.
БАҚ өкілдерінің жиналу уақыты: 09:00–09:30 Жиналу орны: Астана қаласы ТЖД ғимараты, А. Жангелдин көшесі, 24.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу:
+7 701 958 7290
+7 776 166 2166
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









