ҚАЗАҚСТАН–ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫНА ШАҚЫРАМЫЗ

    24 қараша күні Шымкент қаласында «Қазақстан – Өзбекстан: өнеркәсіптік кооперация, сауда және жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» атты бизнес-форумы өтеді.

    Форумға Өзбекстанның құрылыс материалдарын өндіру, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, агробизнес, машина жасау, инжиниринг, құрылыс, ақпараттық технологиялар, логистика, фармацевтика және басқа да салаларындағы 120-дан астам кәсіпорын өкілінің қатысуы жоспарланған.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, іскерлік байланыстарды нығайту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

    Форум аясында Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық әлеуеті таныстырылып, B2B және G2B форматтарында екіжақты іскерлік кездесулер ұйымдастырылады.

    Өтетін күні: 2026 жылғы 24 қараша

    Уақыты: 10:00–13:00 (тіркеу 09:15-тен басталады)

    Өтетін орны: Шымкент қаласы, «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйі.

    Байланыс нөмірі: 87027408900

    Отандық кәсіпкерлерді форумға қатысуға шақырамыз!

    Бұл – халықаралық іскерлік байланыстарды кеңейтуге, жаңа серіктестер табуға және өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары