ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ: ЖОСПАР 104 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ

    Шымкент қаласында жастарды жұмыспен қамту бағытында мемлекеттік бағдарламалар жүйелі жүзеге асырылуда. Соның бірі – жас мамандарға өз мамандығы бойынша еңбек жолын бастауға мүмкіндік беретін «Жастар практикасы» бағдарламасы.

    Биыл қалада субсидияланатын жұмыс орындарына жалпы 3 660 азамат жолданған. Оның ішінде 1 706 жас «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.

    Бағдарлама игілігін көрген азаматтардың бірі – шымкенттік Гүлімхан Сахытхан. Ол медициналық колледжді фельдшер мамандығы бойынша тәмамдаған. Оқу орнын бітірген соң өз мамандығы бойынша жұмыс іздеп, Әл-Фараби аудандық мансап орталығына жүгінеді. Нәтижесінде жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында Жедел жәрдем станциясына фельдшер қызметіне жолданды.

    Бүгінде Гүлімхан өз мамандығы бойынша еңбек етіп, кәсіби тәжірибе жинақтауда. Жас маман тұрақты еңбек жолын бастауға мүмкіндік берген мемлекеттік қолдауға ризашылығын білдіреді.

    Айта кетейік, Шымкент қаласында 2026 жылы 31 476 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесінде 32 753 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылып, жоспар 104,1 пайызға орындалды.

    Мемлекеттік бағдарламалар жастардың еңбек нарығына бейімделуіне, кәсіби тәжірибе жинақтауына және жұмысқа орналасуына жол ашып келеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары