ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘРКІМНІҢ МІНДЕТІ
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажет.
Жүргізушілер жылдамдық режимін бұзбауы, қауіпсіз арақашықтықты сақтауы, көлік құралын мас күйінде басқармауы және рөлде отырған кезде ұялы телефонды пайдаланбауы тиіс.
Жаяу жүргіншілер белгіленген өткелдер арқылы өтіп, бағдаршам белгілерін сақтап, жолға шығар алдында көліктердің тоқтағанына көз жеткізуі қажет.
Ата-аналар балаларға жол қозғалысы ережелерін ерте жастан үйретіп, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлгені жөн.
Жолдағы тәртіп пен жауапкершілік – әрбір азаматтың міндеті. Ережелерді сақтау арқылы адам өмірі мен денсаулығын қорғауға болады.
Есіңізде болсын: жолдағы қауіпсіздік – өзіңіз бен өзгелердің өміріне деген жауапкершілік.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









