ШҚО-да полиция оқушыларды интернеттегі күмәнді ұсыныстардан сақтандырды

    ШҚО-да полиция оқушыларды интернеттегі күмәнді ұсыныстардан сақтандырды.

    Әлеуметтік желілердегі оңай ақша табу туралы ұсыныстар мен белгісіз адамдардан келетін күмәнді хабарламалар жасөспірімдерді қылмыстық әрекеттерге тартудың құралына айналуы мүмкін. Әсіресе есірткінің заңсыз айналымына қатысты ұсыныстарға алданып қалу ауыр зардаптарға әкелуі ықтимал.

    Осы қауіптің алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысындағы мамандандырылған мектеп-интернатта профилактикалық дәріс ұйымдастырылды. Оған 10-11-сыныптың 150-ден астам оқушысы қатысты.

    Жасөспірімдер алдында ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Динат Мусин сөз сөйледі. Ол есірткі қолданудың зияны, оны сақтау мен таратқаны үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірді. Сонымен қатар интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жастарды заңсыз әрекеттерге тартудың кең таралған тәсілдеріне тоқталды.

    Кездесу барысында Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы бағытталған бейнероликтері көрсетіліп, оқушыларға арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, күмәнді ұсыныстардың астарында қандай қауіп жатқанын түсіндіру. Өйткені жеңіл табысқа қызығып жасалған бір ғана қате қадам жасөспірімнің болашағына кері әсер етуі мүмкін.

    Полиция қызметкерлері жасөспірімдерді кез келген ұсынысқа сын көзбен қарап, күмәнді табыс көздерінен аулақ болуға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары