Семейде полицейлер мен еріктілер 10 есірткі граффитиін өшіріп, 36 қараусыз нысанды тексерді.
Семейде полицейлер мен еріктілер есірткіні жарнамалайтын 10 жазуды анықтап, өшірді, сондай-ақ 36 қараусыз қалған ғимарат пен құрылысты тексерді. Профилактикалық рейдке 80 полиция қызметкері мен 52 ерікті қатысты. Жұмысқа “СОЦKZ” қоғамдық қоры мен Абай облысының Жастар саясаты басқармасы ат салысты.
Рейд барысында тұрғындарға интернет-алаяқтарды қалай тану керектігі түсіндірілді. Сауда орындарында алаяқтықтан қорғану жөніндегі ұсыныстар мен учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлері көрсетілген 118 жадынама орналастырылды.
Полицейлер профилактикалық есепте тұрған 251 адамды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Отбасылық жанжал деректері бойынша екі қорғау нұсқамасы шығарылып, екі адам есепке алынды. Тағы бір адамға мінез-құлқына, оның ішінде алкоголь ішуге тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгіленді.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері азаматтық қарудың 18 иесінің оны сақтау және тіркеу ережелерін қалай сақтап отырғанын тексерді. Рейд барысында 76 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 24-і — тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру, 15-і — абаттандыру саласындағы бұзушылықтар, 11-і — алкоголь ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру, 7-еуі — тыныштықты бұзу, 4-еуі — қоғамдық көлікті пайдалану ережелерін бұзу үшін жауапқа тартылды.
Тағы 11 адам кәмелетке толмағандарға қатысты міндеттерін орындамағаны үшін, екі адам — кәмелетке толмағандардың түнде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына байланысты жауапкершілікке тартылды. Бір адам алкогольді сату талаптарын бұзғаны үшін, бір адам кәмелетке толмағандарды түнде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесіне кіргізгені үшін жауапқа тартылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









