Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Біржан сал ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, Степняк қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 9 «А» және 9 «Б» сынып оқушылары ұйымдастырған «Заңды білсең – өзіңді қорғайсың!» атты іс-шараға қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Кездесудің басты ерекшелігі – оны ұйымдастыру мен өткізуге оқушылардың өздерінің белсенді атсалысуы. Олар «Құқықтық рулетка» ойынын, өмірлік жағдайларды құқықтық тұрғыдан талдауды және заңнаманың өзекті мәселелерін талқылауды қамтитын қызықты интерактивті бағдарлама дайындады.
Өз құқықтарын білу, өзгенің құқықтарын құрметтеу және әрбір іс-әрекеті үшін жауапкершілікті сезіну – әрбір азаматтың құқықтық мәдениетінің негізі.
Ақмола облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







