Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен 50 мыңнан астам адам шығарылды. Оның себептерін «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі түсіндірді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
«Отбасы банкінің» ресми сайтында хабарланғандай, мамандар тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар туралы мәліметтерге кешенді түгендеу жүргізген. Қыркүйек айында «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін банкке қазақстандықтардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге жеке келісімін алу қажет болмағаны атап өтілді.
«Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде меншігінде тұрғын үйі болуына байланысты заңнамада белгіленген тұрғын үйге мұқтаж деп тану өлшемшарттарына сәйкес келмейтін азаматтар анықталды. Нәтижесінде жеке меншік құқығында тұрғын үйі бар52 535 азамат тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылды», – деп хабарлады банк.
«Отбасы банкінде» заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда ортақ бірлескен меншік құқығында тұрғын үйі бар азаматтарды тексеру және есептен шығару жұмыстары жалғасатынын ескертті.
Бұған дейін «Отбасы банкінің» алғашқы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы департаментінің директоры Азат Әшімов шамамен 200 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінен шығарылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









