Түркістан қаласындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау барысында полицейлер бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен жүк көлігін анықтады. Оқиға түнгі сағат 23:30 шамасында Б.Саттарханов көшесінде болған.
Түркістан облысы полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы шетелдік мемлекеттік нөмірлі жүк көлігінің жолдан қызыл жанғанда өткені тіркелді.
Тәртіп сақшылары құқық бұзған көліктің жүргізушісін анықтады. Ол жақын шетел мемлекеттерінің бірінің 47 жастағы азаматы болып шықты. Жүргізуші жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер жолдағы қауіпсіздікке бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтардың жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда. Жүргізушілерді бағдаршам сигналдарын елемей, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге шақырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








