Әрбір құтқарылған адамның артында батылдық, төзімділік және ұжымдық үйлесімді жұмыс тұр. Рауль Молдабаев өз өмірін азаматтық қорғау саласындағы қызметке арнап, таңдаған мамандығын мақтан тұтады.
Молдабаев Рауль Равильевич — Әулиекөл ауданының Әулиекөл ауылындағы № 15 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау старшинасы. Ол қызмет жолын 2006 жылғы 7 шілдеде Қостанай қаласындағы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бастаған.
Рауль Равильевичтің айтуынша, өрт сөндіруші-құтқарушы қызметі — үлкен жауапкершілікті, тәртіпті, шыдамдылық пен кәсібилікті талап ететін ауыр еңбек. Осы жылдар ішінде ол мол тәжірибе жинақтап қана қоймай, әріптестері арасынан сенімді достар тапты. Ол бір-біріне әрдайым қолдау көрсетуге дайын, ұйымшыл ұжымын мақтан тұтады.
Рауль Равильевич үшін отбасының орны ерекше. Жақындарының қолдауы оған күш-қуат беріп, қызметтегі қиындықтарды еңсеруге көмектеседі.
Жас қызметкерлерге ол сабырлы болуға, денсаулықты күтуге, кәсіби шеберлікті үнемі шыңдап, өз ісінің нағыз маманы болуға кеңес береді.
Рауль Молдабаев үшін өртке қарсы қызметте жұмыс істеу — жай ғана жұмыс емес, ол шын жүректен мақтан тұтатын іс.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






