eGov mobile қосымшасындағы Әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді?

    ЕGov Mobile мобиль ді қосымшасындағы «Тұрмысдеңгейін бағалау калькуляторы» қалай жұмыс істейді

    Аталғанкалькулятор отбасыныңтұрмысдеңгейінбағалауға арналғанресмиәрі бірыңғай цифрлық ақпараттыққұрал болыптабылады.

    Сервис әлеуметтік жәрдемақы алушыларға қолжетімді.

    Жаңа сервистің мақсаты – азаматтарға отбасының тұрмысдеңгейін бағалау критерийлерімен алдын алатанысуға көмектесужәне әлеуметтік қолдау жүйесін неғұрлым атаулы әрі әділ ету.

    Бағалау процесіүш кезеңнен тұрады.

    Бірінші кезең – «Отбасы».

    ЖСН арқылы авторизациядан өткеннен кейін жүйе 30мемлекеттік дерекқорданмәліметтердің бір бөлігін автоматты түрде жүктейді. Атап айтқанда, жеке деректеріңіз, ресми жұмысқа орналасу және кредиттер туралы мәліметтер қамтылады.

    Пайдаланушы осы мәліметтерді тексеріп, өзімен бір мекенжайда тұратын отбасымүшелері туралы ақпараттытолықтыруықажет.

    Екінші кезең – «Активтер менкірістер».

    Бұл кезеңде жүйе қолда бар мүлік туралы мәліметтерді көрсетеді.Олардың қатарындажылжымайтын мүлік, автокөліктер, жер учаскелері, ауыл шаруашылығы техникасы және кәсіпкерлікке қатысу туралы ақпарат бар.

    Үшінші кезең – «Нәтиже».

    Барлық деректер енгізгенненсоң жүйе отбасының тұрмыс -деңгейінеалдын ала бағалауды автоматты түрде қалыптастырады.

    Сонымен қатарпайдаланушы сервистің жұмысына баға беріп, өз ескертулерімен ұсыныстарын қалдыра алады.

    Назарларыңызға маңызды ақпарат:

    Калькулятор тек ақпараттықанықтамалық сипатқа ие. Алынған нәтиже әлеуметтік төлемдерді тағайындау, өзгерту немесе тоқтату туралышешім болып табылмайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары