Өз ауласының аумағынан тыс жерлер де таза әрі күтіп-ұсталуы тиіс. Алтай ауданына қарасты Крестовка ауылында полиция қызметкерлері қоғамдық орынға күл төгу дерегін анықтады. Құқық бұзушыға ескерту берілді.
Тазалық пен тәртіпті сақтау тек өз үйінің ауласымен шектелмейді. Әрбір тұрғын абаттандыру қағидаларын сақтап, қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қарауға міндетті.
Алайда Алтай ауданының Крестовка ауылында бұл талаптар бұзылған. Жергілікті тұрғын күлді өз ауласының аумағынан тыс жерге төккен. Құқық бұзушылық дерегін полиция қызметкерлері Достық көшесінде тіркеді.
«57 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің “Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау” туралы бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Істі қарау нәтижесінде ер адамға ескерту жасалды», – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті абаттандыру қағидаларын сақтау – барлық тұрғындарға ортақ міндет екенін еске салады. Қалдықтарды белгіленбеген орындарға төгу, қоғамдық аумақтарды ластау және белгіленген талаптарды сақтамау құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайды.
Елді мекендердің тазалығы әрбір тұрғынның күнделікті жауапкершілігінен басталады.
Ал «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей қолданылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









