19 қарашада Астанада тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетуге арналған «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Акцияны Астана қаласының прокуратурасы әкімдікпен, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру, олардың өзекті мәселелерін шешуге жедел көмек көрсету және қоғамдағы жүйелі құқықтық мәселелерді анықтау.
Іс-шара барысында тұрғындар мемлекеттік органдардың өкілдерінен, еліміздің білікті заңгерлері мен құқық саласының мамандарынан кеңес ала алады.
Акция 19 қараша күні сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді. Мекенжайы: Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









