📍 КҮН ТӘРТІБІНДЕ – АУДАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

    1 / 10
    Еңбекші ауданында инфрақұрылымды дамыту, көлік қозғалысын реттеу және тұрғындар көтерген мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бердіқожа батыр және Қойкелді батыр көшелерінің қиылысында тұрғындардың өтінішіне сәйкес көлік қозғалысын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Әкімшілік полиция және салалық басқарма өкілдерінің қатысуымен жол белгілерін орнату, сондай-ақ көлік қозғалысын оңтайландыруға қатысты ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ, Бердіқожа батыр көшесінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан электр желілеріне кедергі келтіретін ағаш бұтақтарын қырқу жұмыстары атқарылуда. Шаңырақ шағын ауданындағы Асылтас көшесінде кәріз жүйесін тарту кезінде қазылған учаскелерге кейіннен аяқжолдар салынған. Алайда жауын-шашыннан кейін құбырлар жүргізілген тұстарда аяқжол жабынының шөгуі байқалған. Осыған байланысты мердігер мекеме аталған учаскелерде аяқжолдарды қайта қалпына келтіріп, асфальт төсеу жұмыстарын қолға алды. Ал Тұрдыабад тұрғын алабындағы Жартөбе көшесінде асфальт төсеу жұмыстары қолға алынған. Бұдан бөлек, Е. Исраилов көшесін жаңғырту жобасы аясында айналма жол құрылысы басталды. Жаңа жол бөлігі көлік қозғалысын оңтайландыруға және аумақтағы қатынас қолайлылығын арттыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары