Профилактикалық бақылау
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне «Вокзалсервис» ЖШС-не тиесілі Павлодар қаласының теміржол вокзалы ғимаратында мүгедектігі бар адамдардың санитариялық тораптарға қол жеткізуіне шектеу қойылуына қатысты өтініш келіп түсті.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 144-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Департамент «Вокзалсервис» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен бекітілген «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер» атты ҚР ҚН 3.06-101-2012 талаптарына (бұдан әрі – ҚР ҚН 3.06-101-2012) сәйкес жүргізілді.
Сонымен қатар, 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» № 266-II Заңының 17-2-бабында мүгедектігі бар адамдар үшін теміржол вокзалдарының, станциялардың және пойыздардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті талаптар белгіленген.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша мүгедектігі бар адамдардың санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға қол жеткізе алмауына қатысты жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған жоқ.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









