АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА «ADAL QADAM» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

    АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА «ADAL QADAM» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

    АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА «ADAL QADAM» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
    2026 жылғы мамыр–қараша айлары аралығында Алакөл ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Adal Qadam» жобасы жүзеге асырылды.
    Жоба Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
    Жобаның негізгі нәтижелері:

    - 1 000 адам жоба іс-шараларымен қамтылды;
    - 16 ақпараттық-түсіндіру кездесуі* ұйымдастырылды;
    - 100 азаматқа құқықтық кеңес берілді;
    - «ART OF LAW» шығармашылық байқауы өткізілді;
    - «Заң мен тәртіп» интерактивті құқықтық квесті ұйымдастырылды;
    - Құқықтық мәдениетті насихаттайтын мурал ашылды;
    - «Qұқық QR» цифрлық ақпарат жүйесі енгізілді.
    Жоба аясында құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, интернет қауіпсіздігі және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне басымдық берілді.
    6 қарашада өткен қорытынды дөңгелек үстелде жобаның нәтижелері талқыланып, құқықтық ағарту жұмыстарын жалғастыру бойынша ұсыныстар қабылданды.
    «Adal Qadam» жобасы жоспарланған көрсеткіштерді орындап, аудан тұрғындары арасында заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған маңызды бастама болды.

    "Өрендер" академиясы ҚБ баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары