«КҮМІС АЛҚА» ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін Үшарал қаласының әкімі А. Абишев алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген көпбалалы аналар – Туралыкова Аида Болатбековна, Есенгулова Айгерим Турсыновна және Утибаева Эльмира Шыныбековнаны «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен арнайы құттықтады.
Кездесу барысында қала әкімі көпбалалы аналарға еліміздің демографиялық дамуына қосып отырған елеулі үлестері, ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектері мен отбасы құндылықтарын сақтаудағы өнегелі қызметтері үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, ана – отбасының берекесі мен шаңырақтың шырағы екенін атап өтіп, бала тәрбиелеу жолындағы еңбектің қашанда құрметке лайық екенін жеткізді.
«Күміс алқа» – көпбалалы аналардың қоғам алдындағы еңбегіне көрсетілген зор құрмет пен жоғары бағаның белгісі.
Қала әкімі көп балалы аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке-бірлік тіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









