Тұрғын үй кезегінде тұрған алғалықтар өз баспаналарына қол жеткізді

    1 / 7

    Ақтөбе облысында Президенттің тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту туралы тапсырмалары аясындағы жұмыстар жалғасуда. Биыл тұрғын үй кезегі тәртібімен 51 азаматқа пәтер кілті табысталды. Барлық тұрғын үй жөндеуден өткен. Газ, жарық, су жүйелері қосылып, жылу берілген.

    Пәтер кілттерін салтанатты түрде аудан әкімі Асланбек Шүйіншалиев табыстап, жаңа қоныс иелерін қуанышты сәттерімен құттықтады.

    Баспанаға қол жеткізген азаматтар үшін бұл – көптен күткен қуанышты сәт. Солардың бірі – тұрғын үй кезегінде тұрған Дилноза. Ол жаңа пәтердің кілтін алған сәттегі қуанышымен бөлісті.

    «Мен тұрғын үй кезегінде тұрған едім. Шүкір, бүгін көптен күткен баспанама қол жеткіздім. Үмітім ақталды. Қазір балаларым сабақта. Олар да үйге келуге асығып отыр. Жаңа баспанамызды көріп, қатты қуанатындарына сенімдімін. Бұл – отбасымыз үшін ерекше қуанышты күн», – дейді ол.

    Сағидолла Айдосовтың отбасы да бүгінгі қуанышқа ортақ. Оның айтуынша, ұлы Азаматтың жұбайы Айгерім пәтер кілтін алып, отбасы көптен күткен қуанышқа кенелген.

    «Бүгін келініміз Айгерім пәтердің кілтін қолына алды. Отбасымыздың қуанышында шек жоқ. Осындай қуанышты сәтке себепкер болған барша азаматтарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Баршаңызға мың алғыс!», – деді ол.

    Айта кетейік, қазіргі таңда Алға ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 1 731 азамат тіркелген. Ауданда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары