Шахтинскіде спорт инфрақұрылымын дамыту және тұрғын үйлер аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қалада тұрғындардың үйіне жақын жерде спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалып, балалар мен жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын белсенді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік артып келеді.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында орналасқан бес футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Абай Құнанбаев көшесіндегі 62, 70 және 79-үйлердің, сондай-ақ Ленинград көшесіндегі 65 және 69-үйлердің ауласындағы спорт алаңдары жаңартылды.

Бес алаңның барлығына қоршаулар орнатылып, жасанды жабын төселді. Сонымен қатар футбол қақпалары мен шығыршықтары бар баскетбол қалқандары қойылды. Жаңартылған алаңдарда тұрғындар футболмен қатар баскетбол да ойнай алады. Бұл аулалардағы спорттық демалыстың мүмкіндігін кеңейтіп, балалар мен жастардың белсенді өмір салтын ұстануына жол ашады.

Жұмыстар мұнымен шектелмейді. Қазір спорт алаңдарына көше жарығын орнату және электр желісіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғындарға кешкі уақытта да алаңдарды емін-еркін пайдаланып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








