Оралда көлігіне бейәдеп сөз жазған жүргізуші жауапқа тартылды

    Орал қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында кезекті рейд жүргізу барысында «Audi 80» маркалы автокөлігінің артқы жағындағы мемлекеттік тіркеу нөмірі тұрған рамкасына заңсыз жазулар жазылып тұрғанын байқап, көлікті тоқтатты.

    Тексеру кезінде көліктің артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің астына бейәдеп сөздер жазылғаны анықталды. Атап айтқанда «просто рамка под номер без всякой х...» деген жазу болған.

    Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісімен профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізіп, тиісті шаралар қабылдады.

    Ол Орал қаласының 38 жасар тұрғыны болып шықты. Кінәлі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтаумен қатар қоғамдық ортада әдеп нормаларын ұстанудың да маңызды екенін еске салады.

    Көлік құралы — тек қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар жүргізушінің қоғамдық ортадағы мәдениетін көрсететін құрал. Сондықтан көлікке заңсыз жазулар мен белгілер орнатуға, соның ішінде бейәдеп сөздерді жазуға болмайтынын ескертеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары