Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен кездесті. Жиын барысында тараптар өзара сауда көлемін арттыру, инвестиция тарту және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Орынбор облысы арасындағы сауда-экономикалық байланыстар дамуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірмен арадағы тауар айналымы 641,7 млн АҚШ долларын құрады. Ал 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш 400,5 млн долларға жетті. Жалпы, Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2025 жылы екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 27,8 млрд АҚШ долларын құраса, 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 18,3 млрд долларға жетіп, 5,7%-ға өсті.
Кездесу барысында тараптар металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы өнім жеткізілімін ұлғайту мүмкіндіктеріне де назар аударды. Сөз соңында Арман Шаққалиев Орынбор облысының делегациясын 2027 жылы Қазақстанда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXIII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысуға шақырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








